Еңбек қауіпсіздігі – кәсіподақтың басты назарында

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Айтулы күн елімізде 2003 жылдан бері атап өтіледі.

Үкімет тарапынан еңбек қауіпсіздігі және азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлініп, нақты жұмыстар жасалып келеді.

Еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ету мақсатында 14-23 сәуір аралығында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманы Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі мен Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде болып, аталған білім орындарының техникалық еңбек инспекторларымен және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесу өткізді.

Оқу орнының қызметкерлері мен білім алушыларына құқықтық кеңестер берілді.