“ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы үшін жұмыстың басым бағыты қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету арқылы қызметкерлердің денсаулығын қорғау болып табылады.
Компания басшылығы “ҚазТрансОйл “АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ қолдауымен “ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының 501 қызметкерінің еңбек қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қабылдады: қызметкерлер қорғаныс маскаларымен, антисептиктермен қамтамасыз етілді, температураны міндетті түрде өлшей отырып, күшейтілген медициналық тексеру сақталады, қолды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу үшін орнатылған дозаторлар пайдаланылады, өндірістік үй-жайларда және аумақта күшейтілген дезинфекция жүргізіледі.
Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы қосымша қауіпсіздік шараларын сақтаудың қоғамдық мониторингін “ҚазТрансОйл “АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” ҚБ сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі 16 техникалық инспектор жүргізеді.
“ҚазТрансОйл” АҚ-да қабылданған әлеуметтік тұрақтылық индексін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлердің әкімшілік пен кәсіподақ ұйымына келіп түскен барлық өтініштері бірден қаралады және шешіледі.
Қазіргі уақытта “ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасында белсенді жүргізіліп жатқан вакцинация науқанының нәтижесінде 80 қызметкер COVID-19 ауруына қарсы вакцина алды.