Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы Павлодар облысының еңбек басқармасымен бірлесіп бастама жасаған өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күнін өңір кәсіпорындары қолдады.
Әрбір азаматтың қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлар құқығына заңмен кепілдік беріледі: қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына құқығы бар; санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге; жұмыс беруші қызметкерді жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және оның денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1503 қызметкер зардап шекті, олардың саны 2019 жылы 1430 қызметкерге қарағанда өсті.
2020 жылы Павлодар облысының кәсіпорындарында 108 жазатайым оқиға тіркелді, онда 112 қызметкер зардап шекті, топтық жазатайым оқиғаларда зардап шеккендердің санымен 4 топтық жазатайым оқиға 8 адам, өндірісте 6 жазатайым оқиға өліммен аяқталды.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен “Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ бастамасымен 2021 жылғы 27 сәуір күні Павлодар облысында өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні болып жарияланды.
Мақсат бір – жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің назарын еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғау мәселелеріне аудару. Бұл күні еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлері мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар еңбек ұжымдарында өндірістік жарақаттану туралы сөз сөйледі, еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау туралы сұрақтарға жауап берді, жұмыс орындарына, себезгі бөлмелеріне, гигиена және тамақ ішу бөлмелеріне мониторинг жүргізді, еңбек жағдайларының еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне, жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғау құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуіне, үй-жайлардың температуралық режимін сақтау, covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы қосымша қауіпсіздік шараларын сақтау.
Шақыруды Павлодар облысының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері қолдады.