Ақтөбе облыстық филиалдың Жастар кеңесі құрылды

ҚР Кәсіподақтар федерациясы өз қызметінде кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқаруда. Мақсат: жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы өз құқықтары туралы мәлімет беру, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту болып табылады.

Бүгінде “Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің 35 пайызын жастар құрайды. Кәсіподақ қозғалысының дамуында жастар маңызды рөл атқарады. Сондықтан уақыттың сын-тегеуріндеріне жауап бере отырып, “Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ жанында Жастар кеңесі жаңа форматта аудандық қалалық, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен құрылды. Жаңа төраға болып ҚРКФ “30 еңбек елшісі” жобасының жеңімпазы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Гулмира Низарова бірауыздан сайланды.

Жиын барысында облыстық филиал төрайымы Мухтарита Сағындықова кәсіподақтардың жастар саясатының бағыт-бағдары туралы баяндаса, облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елеусіз Нұрғалиев жастардың өзекті мәселелеріне тоқталды. Отырыс барысында кеңес мүшелері алдағы уақытта бірігіп істелетін жұмыстарға жоспарларын бекітті. Бұл бағыттағы жұмыстар кәсіподақ жастарын ынталандыруға, кадрлық резервті қалыптастыруға, жаңа кәсіптік деңгейге жетуге және кәсіподақ жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.