Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – әлеуметтік әріптестіктің басым бағыты

2021 жылғы 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн қызметкерлер мен жұмыс берушілердің назарын жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігіне, міндетті медициналық тексерулерден өтуге, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға, кәсіптік қатерді бағалауды жүргізуге, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуға, нұсқау беруге және білімдерін тексеруге арналған.

“Батыр Көмір” ЖШС тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу зауытында “Батыр Көмір “жергілікті кәсіподағы” ҚБ еңбекті қорғау жөніндегі 6 техникалық инспектор сайланды. Кәсіподақтар сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың миссиясы – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Қоғамдық мониторинг кезінде олар белгілеген ескертулер өндірістік кеңесте одан әрі ден қою шараларын қабылдай отырып, қаралады.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметтерімен әлеуметтік әріптестікте еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың өндірістік жарақаттану жағдайларын болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмысты күнделікті орындауы кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды қамтамасыз етеді.