Өндірістік жарақаттанудың алдын алуға арналған күн атап өтілді

Павлодар облысы Екібастұз қаласының “Горводоканал” МКК өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні “Жарақатсыз және апатсыз жұмыс істейміз” ұранымен өткізілді.

Павлодар облысы Екібастұз қаласының “Горводоканал” МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы Л.Ф. Никулинаның төрағалығымен кәсіпорын басшылығымен әлеуметтік әріптестікте өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жоспарлы қоғамдық жұмыс жүргізуде.

Ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында еңбекті қорғау жөніндегі сегіз техникалық инспектор сайланды, олардың кандидатуралары өндірістік кеңестің отырысында бекітілді.

Кәсіпорында құрылған өндірістік кеңестің миссиясы – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылын ұйымдастыру, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды тексеруін ұйымдастыру. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен “Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ жариялаған өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күнінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар тексеру жүргізіп, жұмыскерлермен қауіпсіз жұмыс ережелерін талқылады.

“Горводоканал” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі міндеті – Екібастұз қаласының тұрғындары мен заңды тұлғаларына сумен жабдықтау қызметтерін ұсыну, сондықтан кәсіподақ ұйымының қоғамдық қызметінің басты бағыттарының бірі еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуын, өндірістік жарақаттарсыз және авариясыз жұмысты қоғамдық бақылау болып табылады.