Павлодар облысында үшжақты өңірлік келісімге қол қойылды

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты өңірлік келісімге қол қойылды.

Сәуірдің 28 Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен жыл сайынғы дүниежүзілік еңбекті қорғау күні болып жарияланды. Халықаралық еңбек ұйымы елдегі және әлемдегі СОVID-19 коронавирус пандемиясы кезеңінде өз саясатын 4 басты қағидат негізінде айқындады: экономика мен жұмыспен қамтуды ынталандыру, кәсіпорындарды, жұмыс орындары мен кірістерді қолдау, жұмыс орнындағы қызметкерлерді қорғау, әлеуметтік диалогқа сүйене отырып шешімдер іздеу.

Кәсіподақтар үшін еңбектің маңызды мәселелерінің бірі – адамдарды жұмыс орындарында қорғау. Пандемия еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы жүйесінің жаһандық сын-қатеріне айналды және дүниежүзілік еңбекті қорғау күні “Дағдарысты алдын ала білу және оған дайын болу – еңбекті қорғаудың барабар жүйелеріне инвестициялау” тақырыбында көрініс тапты.

Сондықтан осы күні Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасайтын (сабақтас) салалармен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты келісімге қол қойды.

2021-2023 жылдарға арналған Келісімді іске асыру бойынша бекітілген бірлескен іс-шаралар жоспарын енгізу және орындау ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жұмысын жандандыруға,салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне көмектеседі.

Келісімге жұмыс комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қойды: облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан, комиссияның төрағасы, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.А. Мақашев және облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қ. ж. Байжанов қатысты.

Жұмыс берушілер бірлестігінен, Павлодар өңірі фермерлер одағының төрағасы С. Ш. Оразбаев, Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы П. Е. Сурма Әлеуметтік серіктестік бойынша аймақтық Келісімге сәйкес ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне бірқатар жеңілдіктер және жалақыны көтеру мәселесі қарастырылған.

Мысалы, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде – лауазымдық айлықақыны (ставкаларды) немесе қосымша ақыларды (1,3 көтерілетін салалық коэффициентті ескере отырып) және бірқатар басқа да жеңілдіктерді жоғарылатылған мөлшелер белгіленді.