Халықаралық еңбекті қорғау күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, оның аумақтық құрылымдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізіліп, онда аймақтық СЭК Департаменттеріне еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру үшін кәсіпорындарға сұраныстар жіберуге мүмкіндік берілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР-ДСМ-169/2020 бұйрығымен бекітілген халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексерудің жаңа қағидаларын бекіту кезінде жіберілген техникалық қателіктерге байланысты бұл норма назардан тыс қалғанын еске сала кеткен жөн.
Кеншілерге осы қиын жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, Қарағанды облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қолдау көрсетті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы мен «Қорғау» көміршілер кәсіподағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы тарапынан «уақытша» болса да, ең бастысы әділетті бірлескен шешім қабылдауғ қатысты ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.