28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған шара Шалқар ауданында да ұйымдастырылды.

«Дағдарыстың алдын ала білу және оған дайын болу – қазіргі еңбекті қорғаудың барабар жүйелеріне инвестициялау» тақырыбында өткен ақпараттық-түсіндіру жұмысына мектеп қызметкерлері қатысты. №6 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлшат Қыраубаеваның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі – еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік жарақаттың алдын алу, еңбек заңнамасының орындалуын қадағалау екенін атап өтті. Тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Ал, №8 орта мектебінде өткен іс-шара барысында ұжым мүшелеріне қауіпсіздік ережелері мен Еңбек кодексінің негізгі баптары түсіндірілді