«PROFI PARK» жобасы кәсіподақ активіне таныстырылды

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінде «PROFI PARK» жобасы кәсіподақ активіне таныстырылды.

Ол жоба туралы Ақтөбеге іс-сапармен келген ҚРКФ-ның «Активтерді басқару жөніндегі дирекциясы» бас директорының орынбасары Қайрат Айбосынов нақты мәліметтер берді. Жаңа жоба бойынша Ақтөбеде кәсіподақтар орталығына қаланың «Авиатор» паркі беріліп, сол аумақты абаттандырып, көркейту жұмыстары жүктелген. Және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен бұл маңға жаңа ғимарат құрылысын салу қарастырылған.

Жаңа жобаға қала әкімдігі инвесторлар тарту жайын қарасытыруда. Жергілікті кәсіподақтардың филиалдары жетекшілеріне жобаға атсалысу, қолдау таныту жайы түсіндірілді.