qazaqstan.tv: “Кәсіподақ ұйымына жұмысшылардан 14000-нан астам өтініш келіп түскен”

Өткен жылы кәсіподақ ұйымына жұмысшылардан 14000-нан астам өтініш келіп түскен. Шағым жазғандардың басым бөлігі жалақыны уақытында ала алмағандар және жұмыстан себепсіз шығып қалғандар. Қандай жағдай болмасын, олардың құқығы тапталмау керек. Бүгін бұл мәселе адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды. Жиында сот жүйесінде еңбек сотын құру мәселесі, еңбеккерлерге қатысты халықаралық стандарттарды енгізу сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды. Тағы бір өзекті мәселе – көп жұмысшылар қоғамдағы түрлі өзгерістерге қарамастан жалақының өспеуіне қынжылады.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
Биыл инфляция 7 пайызға жетті, соның мөлшерінде жалақыны міндетті түрде көтеру. Ол әлі ұжымдық шарттар арқылы келісімдер арқылы Еңбек кодексінде жазылған бірақ іс жүзінде аспай жатыр. Оны Еңбек кодексінде бекіту керек.

https://qazaqstan.tv/news/140070/