Білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы ұстаздармен кездесті

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні Мәртөк ауданының білім беру мекемелерінде «Дағдарысты алдын ала білу және оған дайын болу және ден қою – тұрақты қауіпсіздік жүйелерін инвестициялау» ұранымен өтті.

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Ордабаев №1 Мәртөк орта мектебі және №2 Мәртөк мектеп гимназиясына барып, ұжыммен кездесті. Педагогтарды алда келе жатқан мерекелермен құттықтап, сұхбат құрып, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі – кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау күні Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жұмыс берушілерге, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдарына “Қауіпсіз еңбек” ұранымен іс-шаралар өткізді. Мерекеге орай білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелеріне Алғыс хаттар мен сыйақылар табысталды.