Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бүкіл әлемдегі жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында 28 сәуірде дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді.
Облыс кәсіпорындарындағы басты корпоративтік құндылықтардың бірі – қауіпсіздік болып табылады, яғни бұл күні еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерінің маңыздылығын атап көрсетуге, әрбір жұмыс орнында қауіпсіздікті сөзсіз сақтауға шақыруға қосымша мүмкіндік бар.
Бүгін бұл мәселелер “Қазақстан мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ облыстық филиалының бастамасымен өткізілген дөңгелек үстелдің тақырыбы болды. Іс-шараға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде филиал төрағасы Н.Қайырденова өткен жылы филиалға үлкен демеушілік көрсеткен “Сапалы жеміс” ЖШС және “ЛИРА ЛТД” ЖШС басшысы Бағдат Назаровқа “Еңбек Даңқы” төсбелгісін табыс етті.
“Нұр-МАСТЕР – Самұрық” ЖШС Оқу орталығының оқытушылары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы дәріс оқыды. Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларды – кәсіптік одақтардың уәкілдерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне оқыту, жұмыста жазатайым оқиғаларды болдырмау болып табылады, өйткені еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың басты міндеттері қызметкерлердің қауіпсіз және апатсыз еңбек жағдайларына құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Іс-шараның оқыту бөлімінің нәтижелері бойынша техникалық инспекторлар өздерінің теориялық ғана емес, сонымен қатар еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы практикалық білімдерін көрсетті; теориялық бөлімнің қорытындысы бойынша олармен нормативтік-құқықтық актілерді білуге тестілеу өткізілді және оқыту туралы сертификаттар берілді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар облыстық көркемсурет мұражайына барып, Павлодар облысы суретшілерінің шығармашылығымен танысты.