Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Бүкіләлемдік Еңбекті қорғау күнін Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мүшелері де өз деңгейінде атап өтті. Мерекеге арналған іс-шаралар аудандағы барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды. Кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел, тренинг, семинарлар өтті.

Атап айтсақ, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Әбенов “Аққайың” бөбекжай-бақшасына барып, қызметкерлермен кездесіп, балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысты. Қызметкерлер тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Ал, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте “Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда” атты дөңгелек үстел өткізілді.

«Балдырған» бөбекжай бақшасының қызметкерлері бұл күнді игі іске арнады. Кәсіподақ мүшелері қолдарына күрек алып, балабақша ауласын абаттандырды. М.Төлегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы да білім ордасының айналасына жасыл желек отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы ауладаға тал-теректі ақтап, балабақша айналасын қалыпқа келтірді. Б.Алманов атындағы орта мектебінінің кәсіподақ мүшелері ескерткіш маңайын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, ретке келтіріп қойды. Мерекеге орай Дүкен негізгі мектебінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.