2021 жылдың 28 сәуірінде “ERTIS” телеарнасының тікелей эфирінде “мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Н.А. Қайырденова кәсіподақтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қызметі туралы айтып берді.
Өз сөзінде журналист Ринат Абдулкаюмовтың сұрақтарына жауап бере отырып, спикер кәсіподақтар сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың рөлі, олардың құқықтары мен функциялары туралы айтты. Бұл күні филиал “Нұр-МАСТЕР – Самұрық” ЖШС Оқу орталығының қатысуымен оқыту семинарында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқытуға ерекше назар аударды.