Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында волейболдан спорттық турнир өткізілді.
Спорттық шараның басты мақсаты:
– кәсіподақ жастары арасындағы достық, әріптестік қарым-қатынасты нығайту;
– салауатты өмір салтын насихаттау;
– қызметкерлердің жұмыста жиі шаршау және күйзеліске түсуінің алдын алу.
Аталмыш шараның бас ұйымдастырушысы, №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Азамат Садыров өз сөзінде:
– еңбек ұжымындағы мамандардың көңіл- күйі – жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Ал, ұжымдағы жас қызметкерлер – бірлестіктегі белсенділікке себепші. Кәсіподақ жұмысының нәтижелі, тиімді, әрі барлық қатысушы тарап үшін қызықты болуы маңызды деп ойлаймын. Бұл үшін әлі де талай жұмыстар атқарылатын болады, – дейді.
Шара жеңімпаздары кәсіподақ комитетінің арнайы алғыс хат, дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.