Еңбекті қорғау – Еңбек адамын қорғау

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен “Су ресурстары Маркетинг” ЖШС-де «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуінің және жұмыскерлердің денсаулығы үшін қамқорлықтың мекеме үшін маңыздылығы бірінші дәрежеде екені атап өтілді.

Басшылық пен қызметкерлердің бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде, мекемеде жарақаттанушылықты нөлдік деңгейге жеткізуге және апаттық жағдайларды тіптен болдырмауға талпынады әрі қауіпсіздікті өзінің өнеркәсіптік қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Мұндай жүйелі көзқарастың мақсаты, бірінші кезекте, әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын қайта қарау, қызметкерлер құрамын оқыту және жұмыс істеу үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын құру арқылы да қол жеткізіледі.

Кәсіпорынның техникалық жағынан қайта жарақталуына баса назар аударылып келеді.