«Қарағанды облысының білім саласындағы 100 жаңа есім» кітабы жарық көрді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бастау алды. Жоба негізінде Қарағанды өңірінде «Қарағанды облысының білім саласындағы 100 жаңа есім» кітабы жарық көрді.

Бұл жинаққа қаланың ұстаз деген ұлағатты есімді биікке көтеріп жүрген 40 жасқа дейінгі жас ұстаздардың Панина Виктория Викторовна, Наймушина Олеся Петровна, Утембаев Азамат Куанышбаевич, Калдарбекова Газиза Курмангазиевна есімдері енгізілді.

Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысыБерік  Акишбеков, «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның «Сәтбаев қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрайымы  Гульнар Ильясова және ардагер ұстаз Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ирина Беткер ұстаздық жолды таңдаған өз мамандығына адал мұғалімдерге жинақты табыс етті және Сәтбаев қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одақ ұйымының атынан сыйлықтар берілді.