ҚРКФ биылғы жылды бастауыш кәсіподақ ұйымы деп жариялауына орай кәсіподақ саласында ұзақ жылдар тер төгіп жүрген, ең бастысы қарапайым жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауға белсене атсалысып жүрген, өз ісінің білгір маманы Раушан Бекмұханова туралы ой бөліспекпіз. Раушан Бекмуханова Алматы политехникалық институтын 1984 жылы тау-кен инженері-маркшейдер мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылы еңбек жолын Хромтаудағы Дөң кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасының жергілікті маркшейдері ретінде бастаған. 1997 жылдан бастап «Молодежная» шахтасының цехтық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, 2014 жылдан кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.
Раушан Шәменқызы Талдықорған облысының Текелі қаласында кеншілер отбасында дүниеге келген.
Раушан Шаменовнаның әкесі өте сауатты және іскер адам болған, ол қалалық кеңестің депутаты болып сайланған, бірақ, өкінішке қарай, өмірден ерте озды. Кеншілер қаласында өскен балалар өз болашағын тау-кен өндірісімен байланыстырады. Бұл Байсариновтар отбасында да болды. Университетті бітіргеннен кейін Раушан Шаменовна Өскеменнен 13 шақырым жердегі Белоусовка ауылындағы Глубочанское шахта құрылыс бөліміне түсті. Ол аудандық маркшейдер болып жұмыс істеді, комсомол ұйымының хатшысы болды. Сосын отбасын құрып, жолдасы екеуі Хромтауға келіп, еңбек жолдарын сәтті жалғастырады.
Кәсіподақ жұмысын сәтті жалғастырып отырған тәжірибелі де іскер жетекшінің айтары көп. Бүгінде әр жұмысшының, әр шахтердің халін жетік білетін, оларға үнемі қамқор болатын, бастысы еңбек қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғауға белсенді үлес қосып жүр. Бүгінгі таңда кәсіподақ комитетінің құрамында 7364 кәсіподақ мүшелері бар. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің 100 %-ын құрайды. Оның жартысына жуығы 35 жасқа дейінгі жастар және 20 пайызға жуығы – әйел адамдар. 2018 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ ұйымы құрылған күнінен бастап өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтті.
Раушан Шәменқызы осындай іргелі кәсіпорындағы кәсіподақ комитетінің жетекшісі ретінде көптеген игі істердің басы-қасында жүр. Оның іскерлігі мен еңбекқорлығы, ізденімпаздығы арқасында еңбек ұжымында тұрақты түрде әлеуметтік, экономикалық, құқықтық бағыттарда жоспарлы іс-шаралар өткізіліп келеді.