Кәсіподақ Бірлік мерекесі қарсаңында ардагерлерді марапаттады

Бірлік мерекесіне орай Ауыл шаруашылығы саласында көп жыл еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мақсатында қосқан үлестері үшін бір топ ардагер марапатталды. Оларға «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Атқару комитетінің Қаулысы негізінде, Салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы», Ауыл шаруашылығы Ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгілері табыс етілді.

«Ардагерлерімізді құрметтеу, олардың өнегелі еңбек жолын жастарға үлгі ету – біздің парызымыз. Адам еңбекпен ғана үлкен жетістіктерге жете алады. Біз өсіп келе жатқан жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге осы аға буыннның еңбек өнегесінде тәрбиелеу керекпіз», – деп атап өтті Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев.

«Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» ҚБ «Құрметті ардагер» төсбелгісімен Марат Дәрібаев, Байзулла Төребеков, Темірхан Есқарин, Сейілжан Жанұзақов, Бердібек Жамитов, Еласкан Елеусізов, Жазықбай Алданиязов т.б ардагерлер марапатталды.

«Біздің еңбегімізді ескеріп, құрметтеп жатқан кәсіподақ ұйымына үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Еліміз үшін маңызды мереке – Бірлік күні құтты болсын. Татулық пен ауызбірлік әр жерде береке болады. Еліміз аман, татулығымыз берік болсын», – деді шараға қатысқан ардагерлер.