Кәсіподақ төрағасы «АвтоНур» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді

“Түркістан облысы Автомобиль көлігі және жол мекемелері” жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Ордабасы ауданындағы «АвтоНур» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жұмыскерлерді мерекемен құттықтап, кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқығын қорғау, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайлардың басты назарда екенін жеткізді.

Сондай-ақ, кәсіподақ төрағасы Али Мамедов қазіргі елімізде болып жатқан пандемияға қарсы күресу және қорғану мақсатында жұмысшыларға тегін медициналық бетперделер (маска) мен антисептиктер үлестіріп берді.

Бүгінгі таңда жұмысшылардың айлық жалақылары уақтылы төленіп, жұмыс орнындағы жағдайлары тиісті мамандар арқылы жедел түрде шешілуде.

Өз кезегінде, жұмысшылар кәсіподақ төрағасы Али Мамедовқа алғысын айтып, жұмысшылардың мүддесін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының үлесі зор екенін атап өтті.