Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Білім беру жүйесінің қызметкерлері әрдайым уақытпен бірге жүруі, табысты болуға тырысуы, қиындықтарды жеңе білуі және соны басқаларға үйрете білуі керек. Белсенді басшылығы бар ұйымдар басқа ұйымдармен салыстырғанда жетістікке тезірек жетуімен ерекшеленеді. Кәсіподақтарға қатысты бұл – жұмыстың тиімділігі көбінесе олардың жетекшілеріне байланысты екенін білдіреді.

Светлана Попова – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін «№12 Тірек мектебі (ресурс орталығы)» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.

Тірек мектеп ұжымы – бұл тәжірибесі мол аға буын өкілдері жастарға өз тәжірибелерімен бөлісе білетін тату отбасы. Бірлескен жұмысты «Бірге жұмылып жұмыс істеу – бұл сәттілік кепілі» деген сөздермен сипаттауға болады. Бұл мекеменің кәсіподақ комитеті әлеуметтік, экономикалық және құқықтық кепілдіктермен байланысты мәселелерде мектеп директоры Мәриям Сиразетдиновамен тығыз ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік жағдайында бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты тағы бір міндетті басымдыққа қояды. Бұл міндет орындалады. Мұны ұжымдағы жағдайға қанағаттану және нәтижесінде қызметкерлердің сәтті кәсіби қызметінің мүмкіндігі сияқты көрсеткіш көрсетеді.

Әр мерекеде еңбек ардагерлері, мұғалімдер, мектеп қызметкерлері көптеген жағымды эмоцияларға ие болады және ең бастысы – әрбір қызметкерге көңіл мен шынайы пейіл бөлінеді. Ұжымдағы ынтымақтастықты нығайту үшін дәстүрлі іс-шаралар, отбасылық сапарлар ұйымдастырылып отырады, денсаулық – бұл бәрінің негізі, сондықтан мүмкіндігінше біздің облыстың шипажайларына бару мүмкіндіктері жасалып отырады. Бірақ кәсіподақтың жұмысы әріптестерінің, атап айтқанда Светлана Леонидовна – Шкаруба Таиса, Шакенова Асия, Ишмиева Эльмира, Тимофеева Ольганың қолдауынсыз мұндай дәрежеде болмас еді.

«Бірге жинала білу – бастауы. Бірге болу – прогресстың болуы. Бірге жұмыс істеу – табысты болу»- тату ұжымның ұраны.