Бастауыш кәсіподақ ұйымының демеушілігімен «Үздік куратор-эдвайзер-2021» байқауы өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қ. Жұбанов университетінде Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымының демеушілігімен «Үздік куратор-эдвайзер-2021» онлайн байқауы өтті.

Нәтижесінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үздік куратор-эдвайзер-2021» онлайн байқауының 3-ші орын иегері педагогика факультетінің куратор-эдвайзері Ғайнижамал,2-ші орын иегері физика-математика факультетінің куратор-эдвайзері Айшат Медеуова , 1-орын иегері Әлия Ұлықпанова кәсіподақ тарапынан сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының мүшелеріне 10 000 теңге сыйақы тағайындалып, гүл шоқтары таратылды.

«Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алған Айнұр Тоғызбаеваға кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық және шипажайға жолдама берілді.