Еңбеккерлердің еңбек құқығын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінде тарихымызбен қаңқұйлы жылдардың болған оқиғасымен, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерімен, қазақ зиялыларының демократиялық мәндегі еңбектері мен ұлттың мәдени құндылықтарымен толық танысуға болады.

Музейде 25 қызметкер жұмыс істейді. Барлығы да кәсіподақ мүшелері.

Бүгінгі қызметкерлердің атқаратын қызметіне сәйкес келетін деңгейін бақылау мақсатында міндетті аттестаттау өтті. Аттестаттауды бақылауға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері де қатысты. Аттестация тестілеу бойынша өтті. Əрбір əлеуметтік қызметкер портфолио дайындап, онда барлық сертификаттар мен олардың практикалық қызметі бейнеленген фотосуреттері салынды. Міндетті аттестациядан өткен барлығы 25 қызметкер аттестацияны қорғап, білімдерін жақсы деңгейде көрсетті.

Қарапайым еңбек адамдарының кәсіподаққа деген сенімі арта түсуде. Әсіресе пандемия кезінде жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауда оның роліне көпшіліктің көзі жетті десе артық емес.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінде бастауыш ұйымы ашылғалы отырған музей қызметкерлерінің кәсіподаққа үміт артып отыр.