Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың екі труппасы бұл күндері ашық аспан астында мерекелік бағдарламасын ұсынғалы отыр.
Ақтөбе қаласындағы Абай ескерткішінің алдында актерлер соғыс тақырыбындағы әндерді шырқап, өлеңдер оқиды. Абай ескерткішінің алдында 7, 9 мамыр күндері сағат 18.00-20.00 аралығында қазақ және орыс труппасының қатысуымен әдеби-сазды, театрландырылған кеш өтеді. Ашық аспан астындағы мәдени шарада өнердің бірнеше түрі қамтылады.