Ибраева Саида Темірханқызы – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.
Саида Ибраева – педагог-психолог, жоғары санатты оқытушы. Балқаш медициналық колледжіндегі еңбек жолын 1996 жылы бастады және бірінші күннен бастап өзін жауапты және өз жұмысына адал екенін көрсете білді. 1997 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, ал 2007 жылдан осы ұйымда психолог болып жұмыс істейді. Негізгі жұмыс бойынша үлкен жүктемеге қарамастан 2015 жылдан бастап кәсіподақ көшбасшысы болып табылады.
Оның педагогикалық жұмысында және кәсіподақ істерінде қоғамдық қызмет ерекше орын алады: ұжымда да, қалада да туындайтын мәселелерді шешуге белсенді қатысады, Балқаш қалалық «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Балқаш қалалық Кеңесінің төрайымы болып табылады, оған келесі медициналық кәсіпорындар кіреді: Балқаш қаласының Орталық ауруханасы, Балқаш қаласының № 1 және 2 емханалары, Саяқ кентінің ауруханасы және «Стоматологиялық бірлестік» ЖШС.
Саида Ибраева әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның мүшесі, сондай-ақ еңбек ұжымдары мүддесіндегі маңызды құжат – Балқаш қаласы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, кәсіпкерлер қауымдастықтарының және қаланың жұмыс берушілерінің арасындағы келісімге қол қоюшысы болып табылады. Ол салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құруға және жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін дамытуға үлкен үлес қосады.
Саида Темірханқызы әрдайым өзіне және әріптестеріне жоғары жауапкершілік пен талапшылдық сезімімен, сондай-ақ адамдармен тіл табыса білуімен, олардың туындаған мәселелерін түсіне білуімен және қиын сәтте оларға көмектесуге тырысуымен ерекшеленеді, бұл оған деген шынайы құрмет тудырады, медициналық қоғамдастық арасында үлкен беделге ие.
Көп жылғы және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», «Білім саласының үздігі» төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен және Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.