2021 жылы 6 мамырында онлайн режимде ҚРКФ Атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті
Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіне сәйкес алдымен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының наградалары мен белгілері туралы жаңа ереже бекітілді.
Федерацияның наградалары мен белгілері – бұл Қазақстан Республикасы кәсіподақ қозғалысының нығаюы мен дамуына, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға, кәсіподақтар арасындағы халықаралық қатынастарды нығайту және Федерация қызметін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін сіңірген еңбегін бағалау мен көтермелеуінің ең жоғары түрі. Жаңа ережеге сәйкес ҚРКФ наградалары: ҚРКФ төрағасының «Алғыс хаты», ҚРКФ Құрмет грамотасы, «Еңбек озаты», «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін», «Кәсіподақ Ардагері», «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін», «Ынтымақтастық» медалі, «Үздік әлеуметтік әріптес» медальдары, «Кәсіподақ мүшесі», «Кәсіподақ көшбасшысы» белгілері және Кәсіподақтар федерациясының ең жоғарғы наградасы – Даңқ Кітабы мен «Кәсіподақ Даңқы» алқасы.
Даңқ кітабына Кәсіподақтың сайланбалы органдарының басшылары, штаттық қызметкерлері кіреді, өздерінің барлық қызметтері барысында кәсіподақ идеалдарына адалдық танытып, кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғауда шеберлік пен табандылықты көрсеткен, кәсіподақ қозғалысының ұйымдастырушылық және қаржылық нығайтуды қамтамасыз етуге және дамуына ерекше үлес қосқан кәсіподақ мүшелері енгізіледі. Федерацияның Даңқ Кітабына енгізу және «Кәсіподақ Даңқы» алқасын тағайындау туралы шешім қабылдаудың қажетті шарты – федерация төрағасының ерекше құқығын қоспағанда, ұсынылған үміткерлер Федерацияның ең жоғары наградасы – «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медаліне ие болуы. Бұл құрметке кәсіподақтар қозғалысында 20 жылдан кем емес еңбек еткен кәсіподақ қайраткерлері ие бола алады. Марапаттау жылына үш рет Қазақстан кәсіподақтары күніне (10 қазан), Еңбек күніне (қыркүйектің соңғы жексенбісі) және Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) беріледі.
Бұдан соң федерациясының мүшелік ұйымдарының 2020 жылғы статистикалық есептерінің қорытындысы қаралды. Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №6.6қаулысына сәйкес жыл сайын, 20 ақпанға дейін салалық кәсіподақтар кәсіподақ мүшелерінің саны және кәсіподақ қызметі туралы сенімді, сапалы және уақтылы толтырылған статистикалық формаларды ұсынады. Салалық кәсіподақтар алты есеп беру формасын оларға түсіндірме жазбалармен бірге ұсынуы қажет.
Тұтастай алғанда, статистикалық деректерді талдау соңғы бес жылда барлық көрсеткіштердің төмендеуін көрсетті. 2016 жылмен салыстырғанда кәсіподақ мүшелерінің саны 1 970 349 адамнан 1 638 182 адамға дейін (-332167 адам, 17%) азайған. Кәсіподақ мүшелерінің айтарлықтай төмендеуіне жұмысшылар санының азаюына алып келетін кәсіпорындарды оңтайландыру, тарату және қайта құру процестері әсер етті. Кәсіподақтар қозғалысының жағдайының тұрақсыздығына кері әсерін тигізуде, кейбір кәсіподақ ұйымдары салалық кәсіподақтан кетіп жатыр. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы кезіндегі кәсіподақ мүшелерінің тұрақсыз экономикалық жағдайы көрініс тапты. Қашықтан жұмыс жасау режиміне көшу, өндіріс көлемінің азаюына байланысты көптеген кәсіподақ мүшелері мүшелік жарналарын төлей алмай, кәсіподақтан кетуге ниет білдірді.
Есепті кезеңде 694 бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды, оған 32 981 кәсіподақ мүшелері тартылған.
Ұжымдық шарттар жасасу 2016-2020 жылдар аралығында 11,3% -ға 17 955-тен 15 915-ке дейін төмендегенін атап өту қажет. 2020 жылы 2509 ұжымдық шарт жасалды, 3853 ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі ұзартылды. Кәсіподақтар федерациясының салалық кәсіподақтарының мәліметтері бойынша ұжымдық шарттар санының төмендеуінің негізгі себептері: кәсіпорындарды қайта құру немесе тарату есебінен белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымдарының санының азаюы, бірыңғай ұжымдық шарттар жасасу, салалық кәсіподақ құрамынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шығуы, шағын кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарт жасасуының күрделілігі, жұмыс берушілердің ұжымдық шарт жасасудан жалтаруы, жұмыс берушілердің ұжымдық шарттар жасасу мерзімдерін бұзуы.
Жалақыны индекстеу тәртібі нақты сектордағы кәсіподақ ұйымдары жасаған 1895 ұжымдық шартта бекітілген. 2019 жылмен салыстырғанда жұмыс берушінің жалақыны индекстеу бойынша міндеттемесін қамтитын ұжымдық шарттардың үлесі 2020 жылы 24,8% өсті.
Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңестердің саны 2019 жылмен салыстырғанда 11707-ден 11186-ға дейін азайды (4%).
Бұл көрсеткіштер кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдарының негізгі бағыттары бойынша қызметінің тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Сонымен қатар, салалық және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының бастауыш ұйымдарды құру және кәсіподақтардың жаңа мүшелерін тарту, ұжымдық шарттар жасасу, өндірістік кеңестер құру, техникалық инспекторларды сайлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі шоғырландырылған күш-жігерінің болмауын білдіреді.
Осыған орай салалық кәсіподақтарға кәсіподақ ұйымдарымен ұйымдастырушылық жұмыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік, құқық қорғау қызметтері тұрғасынан бірқатар ұсыныстар берілді.
Атқарушы комитет мүшелері бүгін сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясының үш жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді. Оның біріншісі – республикалық деңгейде жыл сайын ұйымдастырылатын «Еңбек адамын Ұлықтау» медиа байқауы. Байқау Кәсіподақтар Федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділдік пен даму – бірлікте» стратегиясын іске асыру, кәсіподақ қозғалысын, кәсіподақ ұйымдарының Еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғаудағы табысты тәжірибелерін кеңінен насихаттау, жұмысшы мамандықтарының беделі мен әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту мәселелеріндегі кәсіподақтардың үлесін арттыру мақсатында өткізіледі. Байқау «Үздік журналист», «Үздік ақпараттық әріптес», «Үздік фотообъектив», «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық ресурсы», «Кәсіподақтың үздік баспасөз қызметі» атты бес аталымнан тұрады. Байқауға кез-келген деңгейдегі БАҚ журналистері, тәуелсіз журналисттер, Федерацияның мүшелік ұйымдарының БАҚ-пен байланыс бойынша қызметкерлері, фотографтар, блогерлер, сондай-ақ агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады. «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық ресурсы», «Кәсіподақтың үздік баспасөз қызметі» номинацияларына федерацияның мүшелік ұйымына кіретін кез-келген деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарымен кәсіподақтың бұқаралық ақпарат құралдары ғана қатысады алады. Байқауға 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін эфирге шыққан немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар қабылданады. Байқаудың ресми нәтижелері 2021 жылдың 8 қазанында жарияланады. Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі Кәсіподақтар күні қарсаңында өткізілетін болады.
Атқарушы комитет сонымен қатар, «Жылдың үздік шипажайы» және «Үздік шипажай қызметкері» байқауларын өткізу туралы шешім қабылдады. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталған байқаулардың мақсаты – ҚРКФ құрамындағы шипажайлардың менеджмент жүйесін жетілдіру және федерация мен оның мүшелік ұйымдары меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтердің сапасын жақсартуға ынталандыру. Байқауға шипажайлар «Жылдың үздік шипажайы» мен «Үздік әлеуметтік жетістіктер үшін» аталымдары бойынша қатыса алады. Ал шипажай қызметкерлері «Үздік шипажай қызметкері» – медициналық блок» , «Үздік шипажай қызметкері» – қызмет көрсету блогы», «Шипажайдың үздік қызметкері – тамақтандыру блогы», «Үздік шипажай қызметкері – сервистік блок» атты төрт аталымдар бойынша анықталады.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы