Еліміздің барлық түкпірлерінде ардагерлерге зор сый-құрмет көрсетілуде. Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының басшылығы мен кәсіподақ комитетінің қолдауымен Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне және олардың жесірлеріне ақшалай жәрдемақы берілді.
«Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан осынау ардагерлерге қандай сый-құрмет жасасаң да жарасады. Және тек Жеңіс мерекесі тұсында ғана емес, жыл бойы ұмытпай, қолдан келген қамқорлықтың бәрін жасап отыру қажет. Әрбір ардагер қамқорлықты сезінуі тиіс», – деп атап өтті зауыт кәсіподағының жетекшісі Сапарғали Мұқашев.