Кәсіподақ мүшелері халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кәсіподақ мүшелері халықаралық байқауда жеңімпаз атанды.

Музейдің ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметінің «Археология және этнография» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Руслан Дуванбеков және оның ғылыми жетекшісі – академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов ТМД елдері арасында ұйымдастырылған «Үздік жас ғалым» халықаралық байқауында 3 жас ғалым ғана марапатталған үздіктердің үздігі «GENIUS» номинациясында жеңіске жеттті.

Аталмыш байқау аясында Р.Дуванбеков «Үздік жас ғалым» медалі және «Genius» кубогымен марапатталып, ғылыми жетекшісі – академик, т.ғ.д., профессор Ж. Таймағамбетовке арнайы сертификат табысталды.