Ардагерлерді ардақтайық!

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ЖОО-ның тыл ардагерлерін Жеңіс күнінінің 76 жылдық мерейтойына орай құттықтады. Университетіміздің көркейіп дамуына, жас буынның болашақ үлкен бәсекеге қабілетті маман атануына аянбай еңбек еткен ардагерлерге сый-құрмет көрсетіліп шапан жабылуымен қатар қасиетті Рамазан айында ауызашарға арналған азық-түлік себеті табысталды.

Кәсіподақ ұйымы бүгінгі күні университет ардагерлері: Айжамал Иманғалиева, Ниетжан Беріков, Герман Власко Зәкіратдин Байдосов, Нәйля Мухаметхузина, Жәния Нұржанованың үйіне барып, мерекелік тілектерін жеткізді.