Қызылордада жыл басынан көтеріліп келе жатқан «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС жұмыскерлерінің жалақыны көбейту мәселесі бойынша келіссөздер жалғасуда.
15 сәуір күні жұмыскерлер жұмыс берушіден кейінге шегерілген жалақыны көбейтуді қарастыру туралы уәдесінің орындалуын талап еткен болатын. Қалыптасқан еңбек ахуалына байланысты Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен мұнай кенішінде жұмыскерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оларға еңбек заңнамалық түсіндірмелер жасалып, жұмыс беруші өкілдері компанияның қаржылық жағдайынан ақпараттар ұсынды. 5 мамыр күні аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов компания басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Бірлестік төрағасы жұмыс берушінің ұсынған бір реттік төлем жасау туралы шешім жобасына пікір білдіріп, жұмыскерлердің оған наразылықтарын жеткізді. Жұмыс берушіден жұмыскерлердің жалақысын лайықты деңгейде көтеру мәселесін қайта қарау талап етілуде, алдағы уақытта тараптар вахталық кеніште жұмыскерлермен кездеседі.