9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Орал қалалық №44 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподағының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында үстел теннисінен мектепішілік жарыс өткізілді.
Кәсіподақ ұйымының белсенді, жас жетекшілерінің бірі – Азамат Садыров Жеңістің 76 жылдығын құттықтай келе, былай деді:
– Жеңіс күні – әр тұрғынды бірадамдай тебірентіп, жүректермен өткенде еске оралтатын күн. Майдангер бабаларға тағзым етіп, ерлік рухын асқақтататын күн. Осы мереке қарсаңында кәсіподақ ұйымы жан-жақты бағытта шаралар өткізуде. Ол рухани, ол мәдени, ол спорттық шаралар. Еліміздегі мұндай айтулы мерекелерде кәсіподақ ұйымдары мен мүшелері ешқашан да қалыс қалмақ емес, – дейді.
«Ерлікке тағзым» деп ұрандаған кәсіподақ мүшелері арасында өткен ішкі турнир нәтижесінде жүлделі 1-ші орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәурен Ғаббас, жүлделі 2-ші орынға Эльвира Болатқызы, 3-ші орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мейрсейт Абиев ие болды.
Мереке қарсаңында кәсіподақ қозғалысының белсенділігіне үн қосып, демалыстарын тиімді өткізген ұстаздар бастауыш кәсіподақ атынан ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.