Қызылордада «CNEC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымында ұжымдық келіссөздер басталды. 6 мамыр күні аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетовтың қатысуымен бастауыш ұйым белсенділерінің компания басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысындаС.Сермағамбетов тараптарға келіссөздерді бастау, ұжымдық шарт жасасу, компанияда келісу комиссиясы мен өндірістік кеңес құру тәртіптері жайлы айтты.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, ондағы еңбек қатынастары ережелері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты түсіндірілді. Тараптар алдағы жұмыс күндерінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қатысуымен ұжымдық келссөздерді жалғастыруға, компанияда қалыптасқан жалақыны көтеруге байланысты мәселе бойынша нақты шешімдермен кездесу ұйымдастырылуына уағдаласты.
Естеріңізге сала кетейік, «CNEC» мұнай саласы компиясында жұмыс берушіге жалақыны көтеру туралы талап қойылған, осымен қатар компанияда кәсіподақ ұйымы құрылып, қазірде компанияның барлық вахталық жұмыскерлері кәсіподақ мүшелері болып табылады.