Ұлы жеңістің 76 жылдығында Темір аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы еңбек ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті.
Әлеуметтік әріптестер соғыс жылдары тылда қажырлы еңбек еткен, кейін ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтады.