Кәсіподақ тыл ардагерлерін құттықтады

Хромтау аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы соғыс жылдары тылда еңбек еткен ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап барды.

Шитюк Валентина Ивановна, Хамидуллина Нурия Сунгатовна, Мамбеталина Жұпар Қадыровна, Тойбазарова Наталья Екінші Дүниежүзілік соғысқа әкелерін, бауырларын шығарып салып, өздері тылда тынымсыз жұмыс істеген. Соғыс аяқталғаннан кейін мектепте жұмыс жасап, зейнетке шыққан.

Қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз.