Халықаралық медбикелер күнінде “Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының мамандары зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді. Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары – Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының өкілдері қатысты.
“Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы” қоғамдық бірлестігі Қызыл Крест және Қызыл Жарты халықаралық қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ең ірі гуманитарлық ұйым. Қоғамның миссиясы: ТЖ – ға ден қою және апат қаупін азайту, Қоғамдық денсаулық, ерікті өтеусіз қан тапсыру мәдениетін ілгерілету, халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде босқындарға, мигранттарға және азаматтығы жоқ адамдарға қолдау көрсету, отбасылық байланыстарды қалпына келтіру және волонтерлік қызметті дамыту бағдарламаларының кең спектрін іске асыру арқылы адамдардың қайғы-қасіретін болдырмау және жеңілдету”, – деді қоғам директоры Г.М. Исаканова Қоғам қызметінің тарихы мен бағыттары туралы.
Халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету бүкіл әлемдегі Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысының дәстүрлі қызметі болып табылады.
Әрбір еңбек ұжымында алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қажет ететін жағдай болуы мүмкін.
Адамның өмірін сақтап қалу үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру қажет – кездесу шеңберінде өткен алғашқы медициналық көмек көрсетуді оқыту бойынша тренингтің бастамашыл қатысушылары осылай деп есептейді.
“Еңбек ұжымының денсаулығына қамқорлық жасай отырып, бүгін біз Қызыл айдан алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту бойынша бірегей интерактивті тренингтің қатысушылары болдық, оның қорытындысы бойынша біздің аудитория кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері мен Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары қатарынан- Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс комиссиясының мүшелері қажетті теориялық дайындықтан басқа, қазіргі заманғы манекендерді пайдалана отырып, нұсқаушылардың басшылығымен еңбек ұжымдарының қатысушыларының өмірін сақтап қалу үшін түрлі қиын жағдайлардағы іс – қимылдардың практикалық алгоритмін алды”, – деп ұйымдастырушыларға алғыс білдірді Д.Н. Айтжанова.