Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы ұлы Жеңіс күні мерекесінде тыл ардагерін құттықтады.
«Еңбек Даңқы» орденінің иегері, ардагер Аққағаз Әбілованың еңбек жолы – жас ұрпаққа үлгі. Жастайынан еңбек етіп, еңбекқорлығы мен тындырымдылығы арқасында статистика саласында біраз жетістіктеге жетті. “Қызмет” салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымы аға ұрпақ өкілдеріне үнемі көңіл бөледі.