Тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбаймен бірлесіп білім саласының ардагерлерін құттықтады.

Соның бірі — тыл ардагері Отызбай Сүйіндікұлы. Ол 1928 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1947 жылы Ақмола мектебінде мұғалім болып бастады. 1972-2001 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Гуманитарлық колледжінің директоры болып қызмет атқарған.

Тыл майданында қажырлы еңбек етіп, білім саласында адал қызмет жасап, жас ұрпақ тәрбиелеу жолында ұзақ жылдарғы қызметі үшін ардагерге алғыс айтып, естелік сыйлықтар табысталды.