Халықаралық медбикелер күнін мерекелеу мақсатында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы және “САЛАМАТТЫ ПАВЛОДАР “медициналық ассоциациясы” ҚБ орта буын медицина қызметкерлері арасында “Стационарлық қызметтің үздік мейірбикесі”, “Амбулаториялық-емханалық қызметтің үздік мейірбикесі”, “Үздік фельдшер”, “Үздік акушер”, “Үздік зертханашы ” және “Ауылдық денсаулық сақтаудың үздік орта медицина қызметкері” номинациялары бойынша онлайн режимде кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастырды және өткізді.
Конкурс 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – іріктеу, 2 кезең – облыстық. Байқаудың іріктеу кезеңі медициналық ұйымдарда өтті, содан кейін іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық деңгейдегі байқауға қатысты. Облыстың әрбір медициналық ұйымынан көрсетілген номинациялар бойынша бір үміткерден ұсынылды. Байқауға барлығы 26 үміткер қатысты.
Екінші кезеңде құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медициналық қауымдастық, медицина қызметкерлері кәсіподағы, медициналық ұйымдар, Павлодар облысы бойынша тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы, облыстық мәслихат депутаты және денсаулық сақтау басқармасының Мейірбике ісі жөніндегі штаттан тыс маманы өкілдері бар комиссия үміткерлердің барлық материалдарын (бейнероликтер, резюме, кәсіби қызметі туралы презентациялық есеп және т.б.) қарап, зерделеді, олардың нәтижелері бойынша критерийлерге сәйкес жеңімпаздар анықталды.
Эпидемияға қарсы шаралар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, салтанатты түрде 12 мамырда номинанттарды 100 мың теңгеге сертификаттарды табыстаумен құттықтау және құрмет көрсету өтті. “Стационарлық қызметтің үздік медбикесі” – О. В. Аблицова, “Павлодар облыстық балалар ауруханасы” ШЖҚ КМК; “Амбулаториялық-емханалық қызметтің үздік медбикесі” – И. С. Меликова, №1 ОДО аға медбикесі, “Павлодар қаласының №4 емханасы” ШЖҚ КМК;” Саты ауылдық денсаулық сақтаудың үздік орта медицина қызметкері ” – Н.Ж. Беккожина, МП учаскелік медбикесі, “Май аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК; “Үздік фельдшер” – Нұржанова Г.А.,”Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ КМК фельдшері, Баянауыл кентінің қосалқы станциясы; ” Үздік акушерка” – Ермагамбетова А. Е., “Павлодар қаласының № 3 емханасы” ШЖҚ КМК акушері; “Үздік зертханашы” – Седышев Роман Игоревич,”Павлодар облыстық онкологиялық диспансері” ШЖҚ КМК зертханашы-гистологы.
Сонымен қатар, конкурс комиссиясының шешімімен қосымша номинациялар анықталып, 50 мың теңгеге сертификаттар табысталды. “Сенімділік және кәсіпқойлық” – А.С. Тусупханова, “Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы” ШЖҚ КМК шұғыл көмек бөлімшесінің аға медбикесі; “Көпқырлылық және кәсібилік” – Д. З. Шушпаева, “Павлодар қ. №3 емханасы” ШЖҚ КМК медбикесі; “Адалдық және кәсібилік” – Ш. Ж. Жұмажанова, Майск қ. ФАП учаскелік медбикесі, “Май аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК.
Кәсіби мереке құрметіне орта буын медицина қызметкерлері “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. “SENIM” төсбелгісімен “Павлодар облыстық онкологиялық диспансері” ШЖҚ КМК аға медбикесі Г. С. Абугалиева және “Май аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК инфекциялық бақылау медбикесі Б. Т. Забиева марапатталды. Құрмет грамотасымен “Дисконт” ӨК аға медбикесі Ильгельдина А. К., “Павлодар облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы” КМҚК сенім пунктінің медбикесі Байжанова О. Г., “Павлодар қаласының № 3 емханасы” ШЖҚ КМК медбикесі Шушпаева Д. З. және “Успен аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК инфекциялық бақылау медбикесі Мукушева К.Ш. марапатталды.
Алғыс хатпен марапатталғандар: “Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері” КМҚК реанимация және анестезиология бөлімшесінің медбикесі А.О. Бейсембаева; “Павлодар қаласының №5 емханасы” ШЖҚ КМК медбикесі З. Б. Борозова; “Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері” ШЖҚ КМК перинаталдық орталығының медбикесі.Наскенова Т. А. және “Павлодар қаласының №4 емханасы” ШЖҚ КМК медбикесі Ахметова М. К.