Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ШҚО кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде 2021 жылы 29 сәуірде тіркеуден өтті.
Естеріңізге сала кетейік, үш жылға арналған стратегиялық құжатқа қол қою ағымдағы жылдың 14 сәуірінде өтті. Келісім өзара қарым-қатынастардың кең спектрін көздейді және әлеуметтік серіктестердің 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңге арналған бірлескен жұмысының перспективасын айқындайды.
Енді әлеуметтік әріптестердің басты міндеті – қолданыстағы заңнамамен салыстырғанда өңір қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын қарастыратын Келісім шарттарын іске асыру.