Еңбеккер бейнесінде – жүргізушілер әулеті

“Маңғыстау облысы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жолдаған #челлендж-ді қабылдап, “Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне жолдаймыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастамасымен қолға алынған “Еңбеккер бейнесі” айдары аясында Түркістан облысы, Сайрам ауданы аумағында орналасқан “ЯНС” ЖШС-де қызмет еткен Орман Режаевтың әулетімен таныстыруды жөн көрдік. Орман Режаев “ЯНС” ЖШС-де 1967-1990 жылдар аралығында жүргізуші болған.

Бүгінгі таңда Орман атамыздың 4 ұлы да жүргізуші болып жұмыс жасайды.

Тұңғыш ұлы Рахманқұл Режаевтың ұлдары Мұзафар мен Елмұрат Режаевтар да, атаның екінші ұлы Мағланқұлдан туған немерелері Бекмұрат пен Данияр да – жүргізушілер.

Сондай-ақ, Орман Режаевтың үшінші ұлы Мұхаммеджан Режавтың да ұлдары Зафар мен Элдар ата жолын қуып, жүргізуші болып жұмыс істейді.

Тіпті Орман атаның төртінші ұлы Ділмұраттың да Сардар есімді ұлы бүгінгі таңда жүргізуші.

Ата жолын қуған азаматтардың барлығы да «ЯНС» ЖШС-де жұмыс жасайды. Жүргізушілер әулетінің бастау алғанына 54 жыл болды.

Айта кетейік, “ЯНС” ЖШС-нде 77 қызметкер еңбек етуде. Барлығы да кәсіподақ мүшелері. Бастауыш кәсіподақ төрағасы – «ЯНС» ЖШСның орынбасары Шамұрат Бекжанов.