Кәсіподақ Отбасы күнінде көпбалалы аналарды құттықтады

Халықаралық Отбасы күніне орай Мәртөк аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 62 көпбалалы мектеп қызметкерлерін марапаттап, қаржылай қолдау көрсетті.

“Отан – отбасынан басталады дегендей, отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Олардың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – олардың көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз”, – деді бастауыш кәсіподақ ұйым жетекшісі.