«Менің бастауыш ұйымыма 30 жыл – біз мықтымыз, өйткені біз біргеміз!»

«Менің бастауыш ұйымыма 30 жыл – біз мықтымыз, өйткені біз біргеміз!» Мұндай қағидатты «ҚТЖ» «ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» – «Павлодар жол дистанциясы» кәсіподақ коми-тетінің төрағасы, бастауыш ұйымды 30 жылдан бері басқарып келе жатқан Стасевская Татьяна Михайловна ұстанады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымында 514 адам бар, теміржол көлігі қызмет-керлерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау оның негізгі мақсаты болып табылады. 30 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің бірінші кезектегі мәселелері – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қор-ғауға, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі нормаларының, салалық тариф-тік келісім мен ұжымдық шартта қабылданған міндеттемелердің орын-далуына қоғамдық бақылау жасау.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қоғамдық бақылау мақсатында кәсіподақ конференциясында сайланған еңбекті қорғау жөніндегі 22 техни-калық инспектор қоғамдық қызметті жүзеге асырады. Белсенді кәсіподақ жұмысында теміржол қызметкерлерін сауықтыруға, шағын футбол мен волейболдан спорттық жарыстар өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіподақ ұйымы коронавирус инфекциясы пандемиясының күрделі кезе-ңінде балалы және аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасап, 680 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетті.

Жақсы демалыс-бұл табысты және жемісті жұмыстың кепілі. Сондықтан Павлодар жол дистанциясының кәсіподақ комитеті өзінің қоғамдық кәсіподақ қызметінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге, Наурыз мейрамын, көлік қызметкерінің кәсіби мерекесін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздік күнін мерекелеуге, Жаңа Жылды қарсы алуға ерекше көңіл бөледі.
Өндіріс озаттарына әрдайым құрмет көрсетіледі, ал оларды құттықтау рәсі-мін кәсіподақ комитеті ұйымдастырып, естелік сыйлықтар ұсынып, ұлттық шапан кигізеді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында кәсіподақ комитеті өндірісте жарақат алған Павлодар жол дистанциясының регрессші – жұмыскерлеріне дәстүрлі түрде барып, оларға азық-түлік жиынтықтарын табыс етті.

Кәсіподақ ұйымы көп жылдар бойы осы салада жұмыс істеген еңбек ардагерлерін қолдайды.
Кәсіподақтардың күші бірлік пен мызғымас татулықта! Павлодар жол дистанциясының еңбек ұжымы осындай абзал қасиеттерімен ерекшеленеді, кәсіподақ комитеті 30 жылдан астам әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу бойынша миссияны абыроймен орындап келеді, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын сақтауға жәрдемдеседі, кәсіподақ мүшелерін уақтылы қолдайды.