Қостанайда халықаралық мейірбике күні аталып өтті

Мереке қарсаңында Қостанай облысының үздік мейірбике мамандарын дәстүрлі түрде марапаттау өтті.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төсбелгілері, республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы Сапарбек Дюсенов атынан алғыс хат пен грамоталар табысталды. «SENIM» денсаулық сақтау кәсіподағының барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мейірбикелерге 58 сертификат берілді. Медициналық ұйымдардың мейірбике ісінің үздік мамандары сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

Қостанай өңірінде мейірбике ісі бойынша мамандарды 90 жылдан астам дайындап, медицина саласының дамуына едәуір үлес қосып жатқан білім ордасы – Қостанай жоғары медициналық колледжі «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қостанай облыстық филиалы атынан сыйлықтар колледж директоры әрі әлеуметтік әріптес Айгерим Оспановаға табысталды: креативті дизайндағы заманауи креслолар, мультимедиялық проектор және экран табысталды. Бұл құралдар Қостанай жоғары медициналық колледж жатақханасында студенттер үшін коворкинг кеңістігін құруға жағдай жасайды.