Сайрам аудандық ветеринарлық қызмет мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды “бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы” деп жариялануына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым!» акциясы аясында іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

Осыған орай Түркістан облысы «Ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ төрағасы Сапарғали Шалданбаев Түркістан облысы Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі МКК-да санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйым мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында күнделікті еңбек қызметінде кездесетін кейбір мәселелерді талқылап, сала қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайлары мен еңбекті қорғау мәселелеріне аса назар аударды. Кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері туралы біршама түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мекемеде 207 адам жұмыс жасайды. Мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының тұрағасы Әділ Ниязов –  ұйымның жұмысын дұрыс ұйымдастыра білетін абыройлы азамат. Мекеме қызметкерлері 100 пайыз кәсіподақ мүшесі болып табылады.

Кездесу соңында ұйым мүшелерімен пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.