Ел аумағында карантиндік талаптардың сақталуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кәсіподақ мүшелері кәсіби мерекелеріне орай «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңғырту» тақырыбында онлайн форматында іс-шаралар ұйымдастыруда.
«Іс-шараның мақсаты – халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, музей қызметін, көрме залдарындағы ұлтымыздың ұлы мұрасы саналатын құнды жәдігерлерді кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, айтулы мерекеге орай келушілер үшін бүгін музейге кіру тегін»,-дейді Ұлттық музейдің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Закира Молдабаева.
Айта кетерлігі, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтаушылар мен насихаттаушылардың кәсіби мерекесі сонау 1977 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) 11-ші Бас конференциясында бекітілген болатын.