Кәсіподақ көмек көрсетті

ҚР Мәдениет, спорт және туризм, ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалына қарасты мекемелер қайырымдылық шараларды жиі ұйымдастырады.

№4-шы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер Олимпиада резерві мектебінің ұжымы ең бастауыш кәсіподақ ұйымы биыл Рамазан айында 15 отбасыға көмек берді. Солардың ішінде көп балалы және жалғыз басты аналар, мүгедек бала асырап отырған аналарға да қолдау жасалды. Балалар үйінен 21 бала асырап алып, тәрбиелеп отырған патронатты Жетесовтар отбасына да қолдау танытты. Сонымен қатар, мәдениет саласының мекемелерінде еңбек етіп жүрген қызметкерлер Данагүл Есенғазиева, Оразымбет Жүсіпқалиев, Бисенгүл Көбекова, Нұргүл Рызағалиева, Шынар Қожанова, Бауыржан Махановқа да қолдау көрсетілді.

«Қайырымдылық – ең ізгі іс. Одан қолдан келгенше қалыс қалмауымыз керек», – деп атап өтті облыстық спорт мектебінің басшысы, кәсіподақтың әлеуметтік әріптесі Болат Еңсепбаев.