Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен Қарағанды облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы өтті.
Қарағанды облысы бойынша ауыр нәтижемен жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккендер саны: 2018 – 187, 2019 – 158, 2020 жылы – 216, өліммен аяқталған: 2018 – 37, 2019 – 31, 2020 жылы-35. 2020 жылы барлығы 213 жазатайым оқиға болды, 260 адам зардап шекті.
Өндірістік жарақаттану деңгейі жоғары болып қала беретінін ескере отырып Кәсіподақ Орталығының бастамасымен Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының отырысында Қарағанды облысында 2021-2023 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Қауіпсіз Еңбек» бағдарламасы бекітілді, ол еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуға және қызметкерлердің өкілдері, жұмыс беруші мен Қарағанды облысының атқарушы органдары арасындағы еңбекті қорғау мәселелері бойынша ортақ жауапкершілікке бағытталған.