Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалы 21-мамыр “Мәдениет және өнер қызметкерлері күні” мерекесіне орай бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтап, марапаттады.
Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д. Бықыбаев кәсіподақ мәдениет және өнер қызметкерлері арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға және әрдайым қолдап, қорғауға дайын екенін айтып, төл мерекелерімен құттықтап, тілек білдірді.
Соңынан Талас ауданы Қаратау қаласының “Авангард” кинотеатрында директор қызметін атқарып зейнетке шыққан, бүгінде зейнеткер Н.Сулеевты, Меркі аудандық мәдениет үйінде 41 жыл суретші қызметін атқарып келген Н.Канибетовты, Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі З.Оразалиеваны, “Сұлутөр” кинотеатрының меңгерушісі С.Бердековты Қазақстан Республикасы кәсіподағының “Еңбек даңқы” төсбелгілерімен және бірқатар мәдениет және өнер қызметкерлерін Жамбыл облыстық кәсіподақ филиалының Құрмет грамоталарымен марапаттады.