21 мамырда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Шәменованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде облыстағы еңбек қарым-қатынастарының жағдайы және оның алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Т.Жолымбетов хабарлама жасады. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов мұнай саласындағы еңбек шиеленісі тәуекелдері бар кәсіпорындардағы еңбек ахуалынан ақпаратпен бөлісті. Кәсіподақтар төрағасы еңбек шиеленістерінің алдын алудағы Ұжымдық келіссөздер жүргізуді, еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестердің құрылуын, оның жұмысын жетілдіру, жұмыс берушілерді еңбек заңнамаларын сақтау мен еңбекті қорғау мәселесіне зор мән беруге ынталандыру тетіктерін заңнамалық тұрғыда белгілеудің қажеттілігін атап өтті.
Кәсіподақтармен әлеуметтік әріптестерге еңбек қатынастарындағы туындаған мәселелерге байланысты орын алған заң бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың тергеп тексеруімен қатар, оның алдын алу бағытындағы бірлесе жұмысты күшейту, жұмыс берушілердің ұжымдық шарт жасасу кезіндегі жауапкершілігін арттыру, еңбекті қорғау жағдайларын ұйымдастыруға ынталандыру тетіктерін қарастыру ұсынылды.
Комиссия төрағасы Б.Шәменова қаралған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуіне тапсырмалар берді.